Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Qazaq kuresi»-нің жаңа президенті тағайындалды
«Qazaq kuresi» ассоциациясы президенті лауазымына Самат Ерғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Ассоциация.
Фото: primeminister.kz
15:27 09.02.2022
Бұл шешім «Qazaq kuresi» Ассоциациясы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысында шығарылды.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев еркін күрестен спорт шебері.
«Ерен еңбегі үшін» медалі, «Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.
Сонымен қатар Ассоциацияның бас директоры болып Мырзабосынов Ербол Құантайұлы тағайындалды. Мырзабосынов Ербол Құантайұлы PhD докторы, Қазақстан Республикасы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram