«Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылатынын жария етті.
17:05 09.02.2022
Жаңбыршин 11 қаңтарда Президент Парламент Мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз мәселелерді белгілеп, нақты міндеттерді қойғанын атап өтті.
«Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен, Парламент қызметінде орын алып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт», - деді Жаңбыршин Мәжіліс отырысында.
Депутаттың айтуынша, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешіуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі.
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз», - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин
Еділ Жаңбыршин таныстырған депутаттық сауал 31 депутаттың атынан жіберілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!