Мамандар жарты сағатта қандағы қант деңгейін азайтатын өнімді атады
Калифорния университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, қиярдың қысқа уақыт ішінде қандағы қант деңгейін азайтатынын анықтады.
Фото: food.inmyroom.ru
18:38 09.02.2022
Қияр – гликемиялық индексі төмен өнім. Мамандар мұндай өнімдерді қант деңгейін бақылау үшін жиі тұтынуға кеңес береді. Қиярдың гликемиялық индексі 15-ке тең. Мамандардың сөздерінше, қияр бар-жоғы 30 минутта қандағы қант деңгейін төмендете алады. Диабеті бар адамдар үшін бұл көкөніс ас мәзіріндегі пайдалы қоспа бола алады.
"Қиярдың құрамында көмірсутектер аз және ол қант деңгейі жоғары адамдар үшін пайдалы. Зерттеу нәтижелері қиярдың тек қант деңгейін түсіріп қана қоймай, ағзада қант төмендегенде гипогликемияның алдын алады", - делінген басылымда.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!