{metadescription}
Петропавлда жыл басынан бері жоғалған 12 бала табылды

Петропавлда жыл басынан бері жоғалған 12 бала табылды

Петропавлда жыл басынан балалардың жоғалуының 12 дерегі тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 10 жасар бала үйінен әжесіне барамын деп сұранып кетіп, жоғалған. Баланың діттеген жеріне жетпегенін білген ана бірден полицияға жүгінген. Екі сағат бойы жанын қоярға жер таппаған әйел ұлымен аман-есен қауышты. Жасөспірім басқа автобусқа отырып, адасып кетіпті.

7 ақпан күні тағы бір петропавлдық полицияға жүгініп, баласын табуға көмектесуді сұрады. Балақай жаттығудан кейін үйіне уақытында келмеген, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Әйел баласының сыныптасының ата-анасына хабарласады. Олар ұлдарының қайда жүргенін білу үшін арнайы мобильді қосымша орнатқан екен, деп жазады ҚазАқпарат.

Сол бағдарлама бойынша баланың Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы сырғанақта болғаны анықталды. Ювеналдық полиция қызметкерлері осы мәліметке сүйеніп, сол төңіректі шолуға кірісті. Тәртіп сақшыларының балалардың жақын маңдағы сауда нысандарының біріне жылынуға кірулері мүмкін деген ойлары дәл келді. Ойынға алданып жүріп қалған, телефондарының қуаты таусылған балақайлар ата-аналарына табысталды.

«Әр ата-ана баласымен көшеде, далада қауіпсіз жүріп-тұру жөнінде әңгімелесуі қажет. Телефондарының қуаттаулы, дыбысы қосулы болуын қадағалау керек. Жоғалған әр баланы іздеуге полицияның бар күші жұмсалады. Сондай-ақ іздеуге волонтерлер де кіріседі, олар әлеуметтік желілерге бағдарлар жариялайды. Бала ойынға салынып, кешігуі арқылы ата-аналарын, тағдырына бей-жай қарамайтын жандарды әбігерге салатынын түсінгені абзал», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Ювеналдық полицейлер баласы жоғалған әр отбасын назарға алады және олармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Петропавлда жыл басынан балалардың жоғалуының 12 фактісі тіркелген. Олардың барлығы дін аман табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.