{metadescription}
Ақмола облысында бір жарым жасар бала киімнің замогын жұтып қойған

Ақмола облысында бір жарым жасар бала киімнің замогын жұтып қойған

Көпсалалы Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір жарым жасар сәбидің өмірін аман алып қалды.

Бала киімнің замогын жұтып қойған. Баланың тамағына кетіп қалған замок ешқандай зарарсыз шығарылды. Операцияны бірінші санатты эндоскопист Елена Пермитина жасады.

“Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", – деп хабарлады облыстық көпсалалы балалар ауруханасынан.

Дәрігерлер ауруханада мұндай бөгде заттарды жұтып қоятындар көп келетінін айтты. Бұл аккумуляторлар, тиындар, моншақтар, жаңғақтар, тұқымдар,түйреуіштер, магниттер, ойыншық көліктердің дөңгелектері екен. 

Оның үстіне бөтен денелерді өңеш, асқазан, көмей, құлақ, мұрын және бронхтан ғана емес, тіпті анустан да алып тастауға тура келген жағдайлар болған.

Медицина қызметкерлері ата-аналардан жауапкершілікті күшейтіп, сәбилерін мұқият қадағалауды сұрайды. Өйткені  олардың абайсыздығы баланың өмірін қиюы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде