Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда екі ауданның жаңа әкімдері тағайындалды
Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері тағайындалды.
14:35 10.02.2022
Сарыарқа ауданының әкімі болып Президент жастар кадр резервінің мүшесі Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды. Ол еңбек жолын елорданың инвестициялар және даму басқармасының маманы болып бастаған.
2016-2019 жылдары «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Есіл ауданының әкімі болып Асылбек Есенбаев тағайындалды. Ол еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары елорда әкімдігінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде қызмет атқарған.
2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасының, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңа әкімдерге аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram