{metadescription}
Байқоңыр қаласында ер адам Сырдария өзеніне батып кетті

Байқоңыр қаласында ер адам Сырдария өзеніне батып кетті

Байқоыңр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті.

Оқиға 9 ақпан сағат 18.30 шамасында болған. Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешені тұсында 1968 жылы дүниеге келген азамат дарияға батып кеткен.

Байқоңыр қаласында тұрған азаматты іздестіру жүмыстарына 4 құтқарушы жұмылдырылды. Дарияға балық аулау мақсатында қайықпен 4 адам шыққан. Мұз жарылып, бір адам суға батып кетеді. Қасындағы адамдардың оны құтқаруға мүмкіндігі болмаған.

«Төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөніндегі хабар 20.00 шамасында түскен. Қазір оқиға орнында 2 құтқарушы, 2 сүңгуірлер тобы бір қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізуде», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.