{metadescription}
Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Елордада соңғы аптада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалып, аурудың оң динамикамен төмендегені байқалады. Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда ауру көрсеткіші - 2,8 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 749,0-ден 260,6-ға дейін төмендеді. Бірақ, тұрақтану үрдісіне қарамастан, КВИ-мен сырқаттанушылықты тіркеу жоғары деңгейде және қала «қызыл» аймақта қалып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен тәулікте 305 расталған жағдай тіркеліп, өсім 0,15 пайызды құрады. Репродуктивті саны - 0,505.

«Осы жылдың басынан бері елордада барлығы 83 917 жағдай тіркелген. Оның ішінде 79 127 жағдай қаңтар айында тіркеліп, бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш болды. Тиісінше, қаңтар айында оң нәтижелердің үлес салмағының көрсеткіші 53 пайызға дейін жетті», - деді Сархат Бейсенова.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.