{metadescription}
0:000:00

Алматыда жаңа босанған әйел перзентхана тамағына шағымданды

Алматылық келіншек қаладағы №1 перзентханада жүкті және босанатын әйелдерге берілетін тамаққа шағымданды.

Әлеуметтік желіде жаңа босанған анаға арналған тамақтың видеосы тарады. Бейнежазбадан ыдыстағы тамақ мөлшері өте аз екенін көруге болады. Мұндай тамақ №1 перзентханада берілетіні айтылды.

«Беретін тамақтың мөлшері аз әрі артық бермейді. Көрсетілетін қызмет бойынша мәселе жоқ, бәрі жақсы», - делінген видеодағы жазбада.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

«Жүкті және босанған әйелдерге арналған перзентханада тамақ «тамақтанудың табиғи нормаларына» сәйкес беріледі. Соның ішінде №15 диеталық кестеге сәйкес жүргізіледі. Ас мәзірі күн сайын бекітіледі. Диетолог үнемі қадағалап отырады. Пациенттерден басқармаға шағым түскен жоқ», - деп хабарлады басқармадан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.