Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Олимпиадаға қатысқан бір топ қазақстандық спортшы елге оралды
Бүгін бас қаламыздың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушылар - фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.
19:39 10.02.2022
Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.
«Спорт - бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екендігіне сеніміміз мол», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.
Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады.
Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram