{metadescription}
Алматыда әлі де қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылып жатыр

Алматыда әлі де қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылып жатыр

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін оқ-дәрілер мен қару-жарақтар әлі де табылуда.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары мен полиция қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді табуды жалғастыруда.

«Асқаров көшесінің бойынан жергілікті тұрғын екі жарықшулы граната тауып алды. Сайран көлінің маңынан газ-травматикалық тапанша табылды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Осыдан соң гранаталар мен тапаншаның кімге тиесілі екені анықталатын болады», - деді полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер жасырылған жерді тауып алған болатын. Сондай-ақ, қару-жарақ арсеналы Алматыда мемлекеттік мұражайдың жанынан табылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде