Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген
30 жастағы азаматты аяусыз соққыға жыққан сегіз адамға қатысты сот отырысы басталды.
10:02 11.02.2022
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады "Ақжайық". Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.
Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді. Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram