{metadescription}
Шымкентте карантин жеңілдетілді

Шымкентте карантин жеңілдетілді

Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес:

- Өнеркәсіп, коммуналдық теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтер мен туристік компаниялар, бизнес орталықтары мен медициналық ұйымдар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді.
- Сондай-ақ сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады. Ал, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) «Ashyq» жобасына қатыспайтын болса, қызметіне тыйым салынады.
- Орта білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары, әуежайлар мен теміржолдар, автовокзалдар және жолаушыларға қызмет көрсету пінктерінің қызметтері қалыпты режимге өтті.
- «Жасыл» қауіпсіз мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Сондай-ақ, олардың қатарында спорт кешендері мен спорттық сауықтыру орталықтары, ойын клубтары мен түнгі клубтар, караоке залдары, сауда орындары, бассендер бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде