Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Робот-төреші футболдан әлем чемпионатына төрелік етеді
ФИФА алғаш рет БАӘ-де өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында «робот-төреші» жаңа технологиясын сынай бастады. Жүйе офсайдты автоматты түрде анықтайды.
Фото: blog.bc-pf.org
15:43 11.02.2022
«Робот-төреші» деп аталатын жаңа технология офсайдты (футболистің ойыннан тыс қалуы) жарты секундта анықтай алады. Бұл жүйе футбол стадионының шатырына бекітілген 12 бейнекамерадан тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылғылар ойыншылардың және доптың қозғалысын бақылайды. Офсайд кезінде жүйе BAP төрешілеріне лезде сигнал береді. Олар өз кезегінде ұсынылған шешімді растап, оны бас төрешіге бере алады.
Сынақтар сәтті өтсе, Халықаралық футбол федерациясы бұл технологияны 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында қолдануды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 12 ақпанда өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram