Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
264 рет лотареядан ұтқан eр адам қандай тәсілдер қолданғанын айтты
Американың Вирджиния штаты Шарлоттсвилл қаласының тұрғыны Джелен Тейлор өзінің интуициясына сеніп, екі айдың ішінде лотереядан 264 рет ұтып, 132 мың долларға байыған.
Фото: pixel-shot.com
16:31 11.02.2022
Лоторея өкілдерінің айтуынша Джелен 104 билетте үш санның бірдей комбинациясын қолданып, әр ойыннан 500 доллардан ұтып отырған. Ер адам бұл ойыннан 52 мың доллар джекпот жеңіп алды.
Келесі ойында дәл осы тәсілмен 160 билетте басқа үш таңбалы санның комбинациясы арқылы 500 доллардан жинап, барлығы 80 мың доллардай олжаға кенелген. Жалпы санағанда ұтыс ойынынан 132 мың долларды қанжығасына байлаған.
“Менде ерекше сезім болды. Сондай кезде жай ғана ойнау керек”, - деді Джелен Тейлор.
Ол ұтқан қаражатын инвестициялауды жоспарлауда.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram