Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үштөбеде әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған
Үштөбеде 38 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасып, оған ауыр жарақат салған.
17:14 11.02.2022
Оған күйеуін өлтіруге әрекеттенді деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалуда. Алматы облысы Қаратал ауданы полициясының кезекші бөліміне пышақ жарақатымен 41 жастағы ер адамның ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түскен. Отбасындағы жанжал салдарынан әйелі жәбірленуші күйеуіне ауыр жарақат салған.
38 жастағы әйелдің айтуынша сол кезде мастықпен есінде ештеңе қалмаған. Тек күйеуімен оның достарына дастархан жайғанын біледі.
"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға болған жерді тексеру кезінде табылған асхана пышағы айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған кезде күдікті орташа дәрежедегі мас күйінде болған", - деді полиция.
Жарақат алған күйеуіне күрделі ота жасалып жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram