{metadescription}
Мақсат Қиқымов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Мақсат Қиқымов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов орнын босататынын айтты.

Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

«Бүгін - менің Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымындағы соңғы күнім. 10 жыл бойы Оңтүстік астана әкімдігінде үздіксіз жұмыс істедім. Бұл уақыт ішінде біз сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін көп нәрсе жасай алдық. Қолдау мен кері байланыс үшін әрқайсыңызға рахмет! Сындарлы сын мен керемет қаланы құру жөніндегі бағытты қолдаудың арқасында Алматы түбегейлі өзгерді. Бұл алматылықтардың қаланың нағыз иелері және ол үшін шын жүректен қуанатынын білдіреді», - деп жазды Мақсат Қиқымов.

Ол сондай-ақ қаланың экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевқа пен әріптестеріне, қоғамдық ұйым өкілдеріне алғысын жеткізді.

«Бақытжан Сағынтаевқа, барлық әріптестеріме, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, қоғамдық кеңеске, қоғамдық ұйымдарға, коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге алғысымды білдіремін. Біз бірге барлық өзекті мәселелердің түбіне жетуге және оларды ортақ күш-жігермен шешуге тырыстық. Сіздерге қала тағдырына бей-жай қарамағандарыңыз үшін және қызықты да ұмытылмас 10 жыл үшін рахмет», - деді ол.

Еске салсақ, Мақсат Қиқымов 2020 жылдың ақпан айында Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде