Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мүсірепов атындағы балалар театрына жаңа директор келді
Алматыға жасаған іс-сапары барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жаңа директор тағайындады.
12:16 12.02.2022
Жаңа тағайындау туралы Мәдениет және спорт министрі Facebook парақшасында жазды.
«Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым», - деп жазды Дәурен Абаев.
Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі бұған дейін театрдың дамуына айтарлықтай еңбек сіңірген үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғыс білдіріп, жаңа директор Талғат Қамқабайұлына жауапты қызметте сәттілік тіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram