Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстауда полицейлер өрттен 2 баланы құтқарды
Көлік полицейлері Маңғыстау облысында екі баланы өрттен құтқарды.
16:34 12.02.2022
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 қаңтар күні Маңғыстау ауылында болды. Станциядан алыс емес жерде екі қабатты үйді жалын ораған. Өрт екінші қабаттағы пәтерден басталған. Қара түтін дәлізді басып кеткендіктен, адамдар, соның ішінде балалар өздігінен шыға алмаған.
Өртті көрген көліктегі полиция бөлімінің алты қызметкері шұғыл жетіп, адамдарды шығарып, өртті сөндіре бастаған. Осы кезде олар пәтерлердің бірінен ересектердің қарауынсыз қалған үш баланы байқаған. Полиция лейтенанты Н.Қайыпбергенов баланың кішісін көтеріп алып, сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары А.Омарбаев, Н.Қуанов, Н.Қайыпбергенов, Р.Хамит, А.Көктаубаев, Б.Орынхан барлық тұрғынды эвакуациялап үлгерді.
Сондай-ақ өрттің басқа пәтерлерге жайылуына жол бермеді.
Көліктегі полиция департаменті аталған қызметкерлерді адамдарды құтқару кезіндегі ерлігі үшін ынталандыратын болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram