Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ДДҰ коронавирусты емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) моноклональді антиденелерге жататын тоцилизумабты коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттар тізіміне енгізді, деп хабарлайды БҰҰ-ның Жаңалықтар сайты.
Фото: elements.envato.com
17:10 12.02.2022
Бұл – COVID-19-бен күресу үшін ұйым мақұлдаған алтыншы препарат. Препараттардың үшеуін Roche компаниясы өндіреді. ДДСҰ фармацевтикалық компаниялар тарапынан қызығушылық артып, бәсекелестіктің арқасында баға төмендейді деп үміттенеді.
COVID-19-дың ауыр немесе аса ауыр формасымен ауыратын науқастардың иммундық жүйесінің реакциясы шектен тыс болады. Мұндай реакцияны интерлейкин-6 ингибитор-препараттары, оның ішінде тоцилизумаб басады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram