Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Екібастұзға барды
Вице-премьер қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізіп, өңіраралық кәсіптік орталықта да болды.
10:42 16.02.2022
Бүгін ҚР вице-премьері Павлодар облысына келді. Екібастұз қаласында Ералы Тоғжановтың төрағалығымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жиынға жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Жиында ұзақ уақыт бойы қоғамнан оқшауланған төрт баланың жағдайы бөлек талқыланды. Екібастұздағы пәтерлердің бірінен қиын жағдайға тап болған отбасы табылды. Қазір оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, көмекке мұқтаж балалар мен олардың ата-аналарына жергілікті атқарушы органдар неліктен назар аудармағанын құзырлы органдар анықтап жатыр.
– Балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
– Елімізде 6,3 миллион бала бар, бұл Қазақстан халқының 32 пайызын құрайды. Ал біз әрбір баланың өміріне жауаптымыз-.
Вице-премьер бір ай ішінде әлеуметтік-медициналық көмекке мұқтаж отбасыларды анықтауды қолға алуды, тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелгенін бақылай алатын балалардың қозғалысының электронды есебін енгізуді және жұмыс алгоритмін бекітуді тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram