Атырау облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды
Атырау облысында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:41 16.02.2022
Атырау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті әлеуметтік нысандардың (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. 10 ақпан күні қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!