{metadescription}
Mектептерде улы заттар шашылды деген тағы бір фейк тарады

Mектептерде улы заттар шашылды деген тағы бір фейк тарады

Telegram мессенджерінде тағы Қазақстандағы мектептерге қатысты фейк тарап жатыр.

Telegram мессенджерінде балалар жаппай ауырып, ата-анасы COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға мәжбүр болуы үшін мектеп кабинеттері қауіпті химикаттармен өңделіп жатыр деген фейк тағы да тарап жатыр.

Хабарламаға мектептегі санитарлық тазалау жұмыстары көрсетілген видео қосылған, деп хабарлайды StopFake.kz.

"Бұл кадрлар қайда және қашан түсірілгенін анықтау мүмкін емес. Қоғамдық орындарды санитарлық өңдеумен айналысатын қазақстандықтардың киімі видеода көрсетілгеннен өзгеше", - делінген сайт мәліметінде.

Қазақстанда мектептерде улы заттар шашады деген қауесет - ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бірнеше рет теріске шығарған фейк.

"Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды және басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау үшін уытты емес және денсаулыққа қауіпсіз заттар пайдаланылады. Барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және қолдану бойынша нақты нұсқаулықтары бар, онда санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін мессенджерлер қолданушылары Қазақстандағы балалар жаппай ауыра бастайтыны, себебі "мектептер мен балабақшаларға азот оксиді мен бериллий шашылады" деген хабарламаны талқылаған болатын. Бұл "ата-аналарды балаларына COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға мәжбүрлеу әрекеті" делінген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.