Геннадий Головкин мәлімдеме жасады
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Instagram-парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады.
Фото: Imago
15:41 16.02.2022
«Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Сәуір айының басына ауыстырылған Риота Муратамен бірігу жекпе-жегінің күні жақын арада белгілі болады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз», – деп жазды ол.
Отандасымыз 2021 жылдың желтоқсанында WBA Super белбеуінің иегері жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ Жапонияда коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіліп, айқас кейінге қалды. Енді бұл жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін.
Бұған дейін орта салмақтағы супер чемпион (76,2 келіге дейін) Сауль Альварес 2022 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!