{metadescription}
Шатырдағы қар жолда кетіп бара жатқан отбасының үстіне түсті

Шатырдағы қар жолда кетіп бара жатқан отбасының үстіне түсті

Ресейдің Рыбинск қаласында шатырға жиналған қар төменде өтіп бара жатқан отбасының үстіне түскен.

Оқиға 11 ақпанда Герцен көшесінде болған. Бұл кезде әкесі, анасы мен баласы балабақшадан үйлеріне қайтып келе жатқан. Қардың түскен сәті көшедегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Қуанышқа орай құлаған қарда мұз болмаған. Бұлай болмаған жағдайда азаматтар ауыр жарақат алар еді. 

Әлеуметтік желіде әйел баланы денесімен қорғаймын деп мойынын жарақаттағанын жазған. Рыбинск қаласының шенеуніктері ғимарат иесінің қалада тұрмайтынын және дер кезінде шатырды қардан тазарту жұмыстарын жүргізбейтінін мәлімдеген.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.