{metadescription}
Қоқыс басқан пәтерден 8 айлық егіздер табылды

Қоқыс басқан пәтерден 8 айлық егіздер табылды

Мәскеуде пәтерлердің бірінен ауыр халдегі сегіз айлық егіздер табылды.

Балалар ауруханаға жатқызылды.

«Түнде Плеханов көшеcіндегі тұрғын үйдегі пәтерден екі нәресте табылды. Сегіз айлық ұлдар екен. Олардың біраз уақыт тамақтанбағаны мәлім болды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомство өкілі егіздердің әкесі мен шешесі үйде мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, олардың басқа балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды. Mash Telegram арнасының хабарлауынша, олардың барлығы 10 баласы болған: оның 8-ін қорғаншылық және қамқоршылық қызметі тартып алған.

Татьяна мен Михаил Боровойдың үлкен баласы 16 жаста, ол жеті іні-қарындасымен (ең кішісі 2 жаста) интернатта. Сегіз айлық егіз баланың лас пәтерде ашқұрсақ жатқанын туыстары мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде