Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сенат Жаңылсын Архарованы ҚР Жоғары сот судьясы қызметінен босатты
Сенат депутаттар Жоғары сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады.
10:26 17.02.2022
«ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және ҚР Констиутциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР Сот жүйесі мен сульяларының мәртебесі турлы» ҚР Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындығы келді:
ҚР Парламентінің Сенатына Жаңылсын Баянқызы Архарованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады», - деді сенатор Владимир Волков.
Сенат өкілдері аталмыш ұсынысты қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram