{metadescription}
5 жыл бұрын такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды

5 жыл бұрын такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды

Елорда да осыдан 5 жыл бұрын жасалған, кісі өлтірумен байланысты қылмыс ашылды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Көкшетауда арнайы іс-шара жүргізу барысында адам өлтірді деген күдік бойынша 27 жастағы ер адам ұсталды.

2017 жылдың тамызында күдіктінің базарлардың бірінің жанында «Daewoo-Nexia» жекеменшік таксиін жалдап, «Лесозавод» ауданына қарай шыққаны анықталды. Көрсетілген орынға келгеннен кейін жүргізуші мен жолаушының арасында жол ақысының құны үшін жанжал шыққан. Такси жүргізушісі қызметінің құнын 1 мың теңгеге бағалаған. Сөзге келіспей қалған жолаушы пышақ алып шығып, жүргізушіге 17 жерден пышақ салған. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болған. Адам өлімі орын алғаннан кейін қылмыскер ізін жасыруға тырысып, машинада қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен. 

Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті қылмыс жасалған орыннан жасырынған және бірнеше күннен кейін көршілес республикаға шығып кеткен. 

5 жыл бойы елордалық жедел қызметкерлер адам өлтірді деп күдік келтірілген адамның кім екенін анықтау бойынша көптеген жұмыс жүргізген. Криминалистер қылмыс орнынан табылған барлық іздерді зерттеді. 

2 жыл өткеннен кейін автокөліктің жүксалғышынан алынған саусақ іздерін зерттей отырып, криминалистер сәйкестікті анықтаған. Алайда тергеп-тексеру жүргізу барысында саусақ іздері қайғылы оқиға болғанға дейін біраз уақыт бұрын жүргізуші барған жанар-жағармай құю станциясы қызметкеріне тиесілі екені анықталған, іздестіру жалғасын тапқан. 

Өткен жылдың соңында криминалистер саусақ ізі бойынша тағы бір сәйкестікті анықтаған және қайтадан белсенді тексеріс басталған. Саусақ ізі иесінің 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шыққан. 

«Тексеріс жүргізу барысында жедел қызметкерлер оның адам өлтіруге қатысы бар екенін анықтаған. Ұсталғаннан кейін бұлтартпайтын айғақтардың нәтижесінде күдікті істеген ісін мойындаған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.