Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин ағасы Алексейдің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Фото: instagram.com/ilyailyinforever
17:02 17.02.2022
Ауыр атлет ағасы Алексей Ильин 16 ақпанда ұсталғанын, қазір изоляторда екенін айтты.
"Ағама келсек, мен бұл туралы жақында білдім. Мен үшін де, менің отбасым үшін де жағымсыз жаңалық болды. Менің ойымша, қазір бұл мәселе туралы ашық айту менің құзыретім емес. Тергеу органдары айналысып жатыр. Ағам изоляторда, ол кеше ұсталды. Оған тағылған айып бойынша адвокат жұмыс істеп жатыр. Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Қазір бүкіл отбасымызбен оны кепілмен шығарып алуды ойлап жатырмыз", - деді Ильин.
Илья Ильинның айтуынша, бұл мәселе бойынша БАҚ өкілдерімен сөйлеспеген, Алексей есімді ағасы жоқ екенін де айтпаған.
"Маған көп қоңырау түсіп жатыр. Олардың айтуынша, Алексей деген ағам жоқ деппін. Мұның бәрі өтірік және арандату. БАҚ өкілі кіммен сөйлескенін білмеймін, бірақ мен ресми түрде мәлімдеймін, ешқандай журналиспен сөйлескен жоқпын. Бұл ақпарат қайдан шыққанын редакциядан сұрау керек. Мұны әлі анықтаймыз. Мені қолдайтындардан ерте қорытынды жасамауды сұраймын. Қолдауларыңызға рақмет достар. Мен ағамнан бас тартпағанымды және бас тартпайтынымды тағы айтамын", - деді спортшы.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары