{metadescription}
Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды

Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды

Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған.

Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан "Марлин" және Tikka мылтықтары табылған. Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.

2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде