Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа президиум төрағасын сайланды
Райымбек Баталов «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде көпшілік дауыспен төралқа төрағасы болып сайланды.
Фото: atameken.kz
11:26 18.02.2022
«Барлық делегаттарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтқым келеді, палатаны бірге реформалау үшін бар күш-жігерімді салатыныма кепілдік беремін, жаңа палатада бірге жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», - дейді Райымбек Баталов.
Айта кетерлігі, 2010 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарып келді.
Райымбек Баталов 17 ақпан күні төралқа төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.
Еңбек өтілі:
• «Ridder Invest» металлургиялық кешенінің басқарушы директоры;
• «Новоджамбул фосфор зауыты» химия кешенінің басшысы;
• Шымкент 3-ЖЭО Мерк қаласындағы қант зауытының Тобыл элеваторының меңгерушісі;
«Райымбек» сауда компаниясының негізін қалаушы, «Райымбек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы (1992 жылдан)
Басқа лауазымдар:
• Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (2002);
• Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінің басшысы (2005);
• Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі (2007);
• Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті (2009);
• Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі төрағалық ететін Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі (2010 жылдан);
• Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы, Мәскеу қ. (2012 жылдан);
• ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы (09.2015 ж. бастап);
• Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті (2015 жылдан);
Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті (03.2017 ж. бастап)
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушы (02.2022 ж. бастап)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram