Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Құс тұмауы салдарынан 25 мыңнан астам құс сойылады
Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жоғары патогенді H5N1 құс тұмауы вирусының өршуі тіркелді.
12:42 18.02.2022
Жақын күндері Шахапур аймағындағы фермада инфекцияның таралуын тоқтату үшін 25 мыңнан астам құс жойылмақ.
«Жақында Шахапурдағы Вехлоли ауылындағы құс фабрикасында 100-ге жуық құс өлді. Үлгілері зерттеу үшін Пунадағы зертханаға жіберілді, олардың H5N1 құс тұмауынан өлгені расталды», - деп хабарлады телеарна жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.
Алдағы екі күнде фермадан бір шақырым радиуста орналасқан құс фабрикаларында 25 мыңға жуық құс жойылады. Бұл Үндістанда биылғы құс тұмауының алғашқы өршуі емес. Бихар штатының билігі бейсенбіде H5N1 вирусы салдарынан Патна маңындағы фермада 4000-ға жуық құстың 787-сі өлгендігін, ал қалған құстардың барлығы сойылғанын хабарлады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram