{metadescription}
Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады.

Биыл Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз сейсенбі күніне түседі және демалыс күні болып есептеледі. Ал дүйсенбі – 7 наурыз күні де қатар демалу үшін жұмыс күні 5 наурыз – сенбіге ауыстырылды.

2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға өткен жылдың қазан айында сол кездегі Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Тиісінше, қазақстандықтар 5 наурызда жұмыс істеп, халықаралық әйелдер күніне 6, 7, 8 наурыз күндері үш күн демалады.

19-20 наурыз күндері сенбі-жексенбіге сай келеді және Наурыз мерекесі құрметіне 21, 22, 23 күндері де демалыс болады.

Осылайша, жалпы сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, қазақстандықтарды наурыз айында 12 демалыс күні күтіп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде