{metadescription}
Алматы облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам үйін өртеп жіберді

Алматы облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам үйін өртеп жіберді

Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберді. 

Оқиға 15 ақпанда Алматы облысының Талғар ауданында болған. Саяжай алаптарының бірінде бес бөлмелі үй өртеніп кетті. Әйел мен екі баласы шығып үлгерген, ер адамды көршілері алып шықты.

Тексеру кезінде полиция үйдің іштен жанғанын анықтады. Үйді өртеп жіберді деген күдікпен 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдан соң осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай істер бойынша міндетті сараптамалар бүгінге белгіленді. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң шығарылады», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.