{metadescription}
Қапшағай су қоймасынан жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды

Қапшағай су қоймасынан жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды

Бір айдан астам уақыт бойы құтқарушылар, туыстары мен еріктілер Сергей Петренконы іздеді.

Осы жылдың 15 қаңтарында ер адам "Голубой залив" (Қапшағай) демалыс аймағында балық аулап жүрген. Таңғы сағат 4-тер шамасында оны жарықшақтанған мұздақта ағыс тартып кеткен. Онымен бірге тағы екі балықшы болған, бірақ сол күні құтқарушылар оларды судан шығарып алды, ал 1980 жылы туған Сергей Петренконы тікұшақпен іздесе де таба алмаған.

Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады. Марқұмның денесін бауыры тауып алған.

Қазіргі уақытта Қапшағай қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінен жоғалған балықшының табылғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

 

 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.