{metadescription}
0:000:00

Ақмола облысындағы ауылда сілеусін жүр

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының ішіне бір сілеусіннің кіріп кеткен  видеосы «WhatsApp» мессенджері арқылы тарады.

Қар жамылғысының ұлғаюы нәтижесінде жабайы жануарлар азық іздеп елді мекендерге жақын жерлерге келуге мәжбүр, деп хабарлайды ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Мәселен, 2022 жылғы 17 ақпанда «Шошанова А.К» мен «Астана қаласы мен Ақмола облысының аңшылар мен балықшылар қоғамы ЖК», ҚБ қорықшылық қызметімен бірлесіп шығу барысында Еркіншілік ауылының аумағы тексерілді. Болжам бойынша, жоғарыда аталған сілеусін орман алқабынан шыққан, өйткені оның азығы саналатын жануарлар (елік, қоян) елді мекендердің жанында жиналады.

Тексеріс нәтижесінде сілеусін Еркеншілік ауылынан орман алқабы бағытына шыққандығы анықталды. Жағдай бақылауға алынды.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарынан үй жануарларына шабуыл жасалды деген шағымдар түскен жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде