{metadescription}
Жолаушылар паромы өртеніп, 300-ге жуық адам эвакуацияланды
Корфу аралына жақын жердегі Ион теңізінде Euroferry Olympia паромы өртенді.
19:04 18.02.2022
Оның бортында 239 жолаушы және 51 экипаж мүшесі болды. Паром гректің Игуменица портынан итальялық Бриндизиге бағыт алған.
Жолаушылар мен экипаж мүшелері құтқару қайықтары арқылы паромнан шығарылды. Енді олар Корфу аралына эвакуацияланды. Корфуға келген паром жолаушыларының бірі жеңіл жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!