Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде қабаған ит балаға шабуыл жасаған
18 ақпан күні Ақтөбе облысының Құрайлы елді мекенінде тұрғын үй ауласында неміс овчаркасы бауынан босатылып, балаға шабуылдаған. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.
11:46 20.02.2022
“Бала медициналық мекемеге жатқызылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
408-бап "ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу" бойынша 3-10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделді. Бұл шамамен 9 189 – 30 630 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Баланың жағдайы туралы мәліметтер әлі хабарланбады. Оқиғадан кейін полиция Құрашасай және Қызылжар ауылдарын аралап шықты. Нәтижесінде 50-ден астам ит иелері жауапкершілікке тартылды. 19 ақпаннан бастап мұндай жұмыс Құрайлы кентінде де жүргізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram