Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу рәсімі өтеді
Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты түрде жабылады.
13:14 20.02.2022
Бұл шараны Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады. Еске салайық, Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова Қазақстанның туын алып шыққан болатын.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!