Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Талдықорғанда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты
Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болып екі кішкентай бала мен ата-анасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
11:47 21.02.2022
Жантүршігерлік жол апаты 18 ақпанда сағат таңғы 5:45-те болған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда толығымен өртеніп кеткен Subaru Impreza көлігі көрсетілген. Жазба авторының сөзінше, көліктің салонында ер адам мен оның әйелі, 7 және 1 жастағы екі қызы болған.
"Subaru Impreza жүргізушісі Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан. Қала шетінде ол рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Содан кейін көлік өртенген. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қалалық ауруханаға кәмілетке толмаған екі зардап шегуші жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
"Сараптама тағайындау кезіндегі жазатайым оқиға дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп толықтырды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram