Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде көлік ішінде жанып кеткен үш баланың әкесі ауруханада көз жұмды
Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, үш бала тірідей жанып кетті.
12:02 21.02.2022
Ауруханаға түскен әкесі де жан тапсырды. Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жан түршігерлік жол апаты болып, көлік ішінде үш бала тірідей жанып кетті. Сол кезде көлік рөлінде болған үш баланың әкесі терезеден түсіп қалып, ауруханаға жеткізілген.
«19 ақпан күні жедел жәрдем бригадасы ер адамды әкелді. 45 жастағы адамның жағдайы өте ауыр болып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық медициналық көмек көрсетілгенімен, жарақаты ауыр еді. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұргүл Төлепқызы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram