{metadescription}
Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Оқиға Әл-Фараби ауданына қарасты Т. Рысқұлбеков көшесі мен Ғ. Иляев көшесінің қиылысында болған.

Отбасылық жанжалдың салдарынан 18 жасар қыз 5-қабаттан секіріп кеткен. Дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған бойжеткенге құтқарушылардың көмегі қажет болған.

«Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шеккен азаматшаны төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Аталған оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеретін болады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.