ҚР ІІМ: 451 азаматтан 700-ден астам заңсыз қару тәркіленді
Ішкі істер министрлігі елдегі заңсыз қару сақтау жайты және есірткі таратумен күрес жағдайына қатысты соңғы деректермен бөлісті.
14:46 21.02.2022
«Жедел-профилактикалық шара барысында қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. Олардан 774 дана атыс қаруы және 7 737 арнайы құралдар мен оқ-дәрілер тәркіленді. Мысалы, Алматы қаласында 1982 жылы туған «Toyota Land Cruiser Prado» көлік иесі ұсталды. Автокөліктің салонында «МР-79-9ТМ» травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді», - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов онлайн өткен брифингте.
Сондай-ақ Алматыда 1996 жылғы азамат қолға түсті. Ол сарайына 3 иір ойықты және 10 тегіс ұңғылы қару, пневматикалық винтовка мен тапанша, бұдан бөлек 5 резеңке таяқ, ағаш бита, радиостанция, сапер күрегі мен қару-жарақ дүкенінен ұрланған түрлі калибрлі мыңнан астам оқ-дәрі жасырған.
Айта кетері, полиция қызметкерлері барлық өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!