Қаңтар оқиғасы: 469 адам қамауда отыр
Қаңтар оқиғасы бойынша соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр.
15:02 21.02.2022
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
«Өткен жолғы брифингіде мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуде, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша - 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр», - деді Е. Қилымжанов.
Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!