{metadescription}
Ақтөбеде техникалық бақылау орталығында жарылыс болды

Ақтөбеде техникалық бақылау орталығында жарылыс болды

Ақтөбедегі техникалық бақылау орталығында газ қосындысы жарылып, күзетшінің денесі табылды.

Бүгін сағат 04:11-де кезекші бөліміне «Альтаир» жанар-жағармай бекетінің отқа оранғаны туралы ақпарат түскен. Ақтөбе қаласы Смағұлов көшесінде орналасқан бекетке өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатар жіберілді.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету стансасында газ қосындысының жарылғаны анықталды. Кейін аумағы 600 шаршы метр болатын ғимарат қирап, ортасына түскен. Техникалық қызмет көрсету орталығындағы және орның жанында тұрған 11 көлік бүлінді. Алдын ала болжам бойынша, көліктегі газ баллоны құрылғысынан газ шыққан. Оқиға орнында 136 адам мен 16 техника жұмыс істеді. Кейін іздеу-құтқару қызметі 1954 жылы туған күзетшінің денесін тапты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде