Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстаннан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды
22 ақпаннан бастап Қазақстан аумағынан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды.
13:02 22.02.2022
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Осыған дейін, 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында сыртқа алып кетуге шектеу қойылған болатын.
2022 жылғы 28 қаңтарда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге а.ж. 1 мамырына дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.
ВАК шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығы қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл бұйрыққа сәйкес, кортопты сыртқа алып кетуге квота бекітілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары