Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлері 23 ақпанда жарияланады
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде утилизациялық алым мөлшері қашан жарияланатынын айтты.
13:49 22.02.2022
«Ертең атомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утиль алым мөлшерлемелері жарияланады. Ал «Оператор ӨКМ» компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын. «Оператор ӨКМ»-нің екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған. Қаулы бойынша бұл ақша «жасыл дамуға» берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетіні заңнама нормалары бойынша қараймыз», - деді Серікқали Брекешев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары