Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұлттық банк Украинадағы жағдайдың теңгеге қалай әсер еткенін айтты
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Украина төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюі теңгеге қалай әсер еткенін түсіндірді.
17:46 22.02.2022
Молдабекова Украина төңірегіндегі жағдайдың одан әрі шиеленісуі және геосаяси тәуекелдердің артуы аясында қаржы нарығындағы құбылмалылық күрт өскенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі және жаһандық инвесторлардың ресейлік активтерден одан ары кетуін күту Ресей рубліне қысым жасап отыр.
Өткен тәулікте рубль 4%-ға әлсіреді. Қазір бір доллар- 80,5 рубль деңгейінде саудаланып жатыр. Ресей акцияларының MOEX индексі кеше 10,5%-ға құлдыраса, бүгін 5%-ға төмендеді.
«Әлемдік қаржы нарықтары жағдайға бірден жауап берді. EURO STOXX индексі 2,17%-ға, DAX индексі 2,07%-ға төмендеді. Алтынның бағасы бір унция үшін 1906 долларға дейін көтерілді. Барлық әлемдік және жергілікті нарықтарға әсер ететін негізгі сауда серіктесі нарығындағы жағдайды ескере отырып, қазақстандық қаржы нарығы үшін де тәуекел артты. Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым жасауда. Бүгін теңге 2,6%-ға төмендеп кетті», - деді Әлия Молдабекова.
Оның айтуынша, теңгені ақпан айындағы салық аптасы аясында экспорттаушылардың саудасы мен мұнайдың жоғары бағасы қолдап отыр, ол барреліне 92-97 доллар диапазонында сақталып, кейде 98-99 долларға жетті.
«Ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін Ұлттық Банк бүгінгі сауда барысында шамалы валюталық интервенциялар жүргізуде. Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 млн АҚШ долларын құрайды, жалпы сауда көлемі 155 млн доллар болды. Бұл - барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы. Ұлттық банк өзгермелі айырбас бағамы қағидаттарын сақтауды жалғастыруда. Біз қаржы нарығындағы жағдайды, атап айтқанда, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Нарықтың одан әрі динамикасы көбінесе санкциялардың сипаты мен тереңдігіне және олардың Ресей экономикасына байланысты», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram