Украинаның Еуропалық Одаққа кіруге өтініші тіркелді
Бұл туралы ЕО-дағы Украинаның өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды.
Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий
20:16 01.03.2022
Құжатқа президент Владимир Зеленский қол қойды.
«Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы Тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға бердім (...) Өтінім тіркелді. Процесс басталды», - деді Ченцов.
Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керек екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!