{metadescription}
Теңіз кен орнында болған өртте бір техника жанып кетті

Теңіз кен орнында болған өртте бір техника жанып кетті

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында болған өрт кезінде бір техника жанып кетті.

Бұдан бұрын Теңіз кен орнында мердігерлік мекеменің цехы өртенгенін жазған едік. Бүгін, 1 наурызда жергілікті уақытпен сағат 16:40-та Теңіз кен орнындағы жобаның мердігері – «Nasar Solution» ЖШС-нің өндірістік цехынан өрт шыққан. Жалынды ауыздықтауға ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті. Ал, мердігер компанияның 15 қызметкері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

«Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында «Nasar Solution» ЖШС-нің ашық аумағында бір-біріне жақын тұрған 20 контейнер мен металл бөшкелерде, сондай-ақ, пластмасса ыдыстарда сақталған тез тұтанатын сұйық қалдықтар жанған. Жалпы аумағы шамамен 2 800 шаршы метрді шарпыған өрттің салдарынан «Car» маркалы 1 жүк көтергіш техника жанып кетті. Жалын сағат 19:46-да оқшауланып, сағат 20:30-да сөндірілді», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, «COCR» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.